Ссылки доступа

Мәскеуде тәжік мигрантының ерлігін елеусіз қалдырды

Тәжікстан азаматы Собир Хаспаллаев Яуза өзеніне құлап кеткен "Мицубиси" автокөлігіндегі жас қызды құтқарып қалды. Тәжік мигранты ресейлік ақпарат құралдарының өз ерлігін елеусіз қалдырғанына ренжіді.

5 желтоқсанда кешкісін Собир қызыл автокөліктің тротуарға шығып кетіп, Яуза өзеніне құлағанын көрген. "Ол жерде адам көп жиналып қалды, бірақ ешқайсысы мұздай суға секіруден қорықты. Мен киімімді шешіп, өзенге түстім, көліктің терезесін бұзып, қызды алып шықтым. Жағалаудағылар оны "Жедел жәрдемге" жеткізуге көмектесті», - деді Собир.

Тәжік азаматының айтуынша, оқиға орнына жеткен ТЖҚ қызметкерлері оның бұл әрекетіне рахметін айтқан. "Бірақ ТВ және мәскеулік газет журналистері менімен сөйлескеніне қарамастан, қызды тәжік мигранты құтқарғаны туралы бір сөз жазбады".

Собир Хаспаллаев 30 жаста. Ол бірнеше жылдан бері Мәскеуде тұрады, саудамен айналысады.

XS
SM
MD
LG