Ссылки доступа

Тәжікстанда Көңілді тапқыштар клубының лидері 10 жылға сотталуы мүмкін


Худжанд қалалық соты Тәжікстанның Көңілді тапқыштар клубы (КТК) құрама командасының лидері Хайрулло Мирсаидовты қамауда қалдыру туралы шешім шығарды. 8 желтоқсанда оны 72 сағатқа қамау мерзімі аяқталған.

Соғды облысының прокуратурасы КТК жетекшісіне қатысты Қылмыстық кодекстің төрт бабы - "Қаржыны иелену", "Ұлтараздық туғызу", "Жалған құжат әзірлеу" және "Жалған ақпарат берді" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Хайруллоның әкесі Хабибулло Мирсаидовтың сөздерінше, 5 желтоқсанда ұлын Соғды облысының прокуратурасы шақырып алған. Сол күні оны қамауға алған. Қазір Худжандтағы тергеу абақтысында жатыр.

Осыған дейін Хайрулло Мирсаидов жергілікті билікпен келіспеушілік болып жатқанын хабарлаған. "Мен 8 қарашада президент Эмомали Рахмонның, бас прокурор Юсуф Рахмонның және Соғды облысының әкімі Абдурахмон Кодириге ашық хат жазып, жергілікті шенеуніктермен болып жатқан жағдайды жеткізуге мәжбүр болдым.

Мирсаидов айтқандай, КТК командасы 10 қарашада Мәскеуге ұшу керек болған. «Жолға ақшаны Соғды облысының билігі бөлу керек еді. Бірақ біз сол күйі ақшаны алмадық. Бірақ Соғды облысының жастар ісі жөніндегі комитеті бюджет ақшасын иеленді деп тексеру бастады», - деп мәлімдеген айыпталушы.

Хайрулло Мирсаидовтың сөздерінше, осыған дейін аталған комитет одан мың доллар көлемінде пара сұраған. Бірақ комитет мұны жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG