Ссылки доступа

Қырғызстанға кіргізілмеген Франс Пресс тілшісі Дубайға депортацияланды


Франсс Пресс агенттігінің тілшісі, британдық журналист Крис Риклтон 9 желтоқсанда Қырғызстанға кіргізілмей, өзі үшып келген Дубайға қайта депортацияланды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлайды.

Қырғызстандағы мемлекеттік ұлттық комитеті Франс Пресс агенттігінің тілшісі, Британия азаматы Крис Риклтон виза тәртібін бұзды деп мәлімдеді.

Ал Риклтон болса Дубайдан Қазақстанға қайта ұшып келіп, сондағы Франс Пресстің кеңсесіне баруды жоспарлап отыр.

9 желтоқсанда, сенбі күні Франс Пресс агенттігінің тілшісі Крис Риклтон Дубайдан келген бетте, «Манас» әуежайында ұсталған. Ол «Фейсбуктегі» парақшасына "мені депортацияламақ" деп жазған. Крис Риклтон соңғы жеті жылдан бері әйелі және баласымен Бішкекте тұрып келеді. Ол қырғыз қызына үйленген.

Ол сонымен бірге Орталық Азиядағы Америкалық университетте сабақ береді. Ол Коломбодан Дубай арқылы Бішкекке ұшып келгенін жазған.

«Мені төлқұжат тексеру кезінде ұстады. Олар маған жүгімді алуымды сұрады. Жарты сағаттан соң, маған Қырғызстанға кіруге тыйым салынады деді. Сосын мені Дубайға ұшатын залға өткізді. Мені депортацияламақ екенін түсіндім. Себебі ешкім түсіндірмеді. Өзім де түсінбедім», - деп жазады ол.

Оның досы, Kloop сайтының негізін қалаушы Бектур Искендер Риклтон бірінші рет Қырғызстанға 2008 жылы келгенін, 2010 жылдан бері Бішкекте тұрақты тұрып келе жатқанын айтады. Крис Риклтон 2015 жылдан бері Франс Пресс агенттігімен әріптестік орнатқан.

XS
SM
MD
LG