Ссылки доступа

Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Өзбекстанға барады


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ресми сапармен Өзбекстанға барады.

Қырғыз президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, сапарға дайындық мәселелері бүгін, 11 желтоқсанда Сооронбай Жээнбеков пен сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев кездесуінде талқыланды.

Ресми хабарларға қарағанда, СІМ басшысы президентке ЕҚЫҰ елдері жиынының қорытындысы мен Сербияға ресм сапар барысы туралы айтып берді.

Еске салайық, Қырғызстанның жаңа президенті осымен екінші ресми сапарына шыққалы отыр. Сооронбай Жээнбеков шетелге сапарын Мәскеуден (Ресей) бастап, Минск қаласында (Беларусь) жалғастырған еді.

XS
SM
MD
LG