Қараша айында компания "Түркіменмұнайдың" үш жылдан бері 8 миллион доллардан астам қарызын I.C. Intercomplect Ltd. компаниясына төлемей отырғанын жариялады. "Түркіменгаздың" берешегі 15 млн доллар, делінген компания мәлімдемесінде.
3 желтоқсанда заң компаниясы бірқатар дипломатиялық өкілдіктер мен компанияларға үндеу жолдаған. CIS Debt Recovery Solutions компаниясының аға кеңесшісі Тарас Копий түркімен компанияларымен жұмыс істейтін шетел фирмалары қаржы қиыншылығына тап болғанын айтты.
"Қытайда экспорт келісім-шарттарын сақтандыратын компания бар. Біз солардан "Түркіменгаз" бен "Түркіменмұнайдың" несие рейтингі нөлге түсіп кеткенін білдік. "Түркіменмұнайға" қатысты үш іс қозғалған, яғни компанияның қытайларға үш қарызы бар", - деді CIS Debt Recovery Solutions кеңесшісі.