Ссылки доступа

Қырғыз парламенті Орто-Токой су қоймасын Өзбекстанмен бірге қолдану мәселесін қарайды


Жогорку Кенеш 13 желтоқсанда Қырғызстан мен Өзбекстан үкіметтерінің Орто-Токой су қоймасын бірге пайдалану туралы келісімін талқылайды. Су қоймасы Жалал-Абад облысы Ала-Букин ауданында орналасқан.

Депутаттар сауалдарына қырғыздың ауыл шаруашылық, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрі Нурбек Мурашев жауап береді.

Еске салайық, екі елдің үкіметтері бұл келісімді 2017 жылы қазанда сол кездегі қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Ташкентке сапары кезінде қабылдаған. Құжатқа сәйкес, су қоймасын қорғау және басқару құқығы қырғыздарға өтеді. Ал Өзбекстан су қоймасының жұмысын қамтамасыз етеді.

25 жыл бойы Қырғызстанның нысанға иелік ету жағдайы анықталмай келді. Су қоймасында өткен жылы қырғыз шекарашылары өзбек милиционерін ұстап, арты дауға ұласқан.

XS
SM
MD
LG