Ссылки доступа

Қазақстанда 200-ге жуық кенші наразылық акциясын өткізіп жатыр

Қарағанды облысында 11 желтоқсанда шамамен 200 кенші жұмыс уақыты аяқталған соң жоғарыға көтерілмеді. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтадағы кеншілер рұқсат етілмеген наразылық акциясын жариялаған.

Компания мәліметіне қарағанда, төрт шахтадағы кеншілердің жарымы жұмысты тоқтатқан. "Қалғандары кесте бойынша жұмыс істеп жатыр", - делінген компания хабарламасында.

Қарағанды облысының әкімдігі бүгін жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Жұмыс беруші мен "Қорғау" көміршілер кәсіподағы арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Кеншілер айлықтың өсірілуін, еңбек жағдайының жақсаруын, жеңілдіктерді қайтаруын талап еткені белгілі болды.

Қарағанды облысындағы шахталарға соңғы екі аптада осымен екінші мәрте наразылық акциясы өтіп жатыр. Қараша айының соңында Сәтбаев қаласында ондаған кенші наразылыққа шыққан еді.

XS
SM
MD
LG