Тәжікстан азаматтары Ауғанстанға Иранның Захидан деген кішкентай ауылы арқылы барған. Сол жерден "Ислам мемлекеті" (ИМ) террористік ұйымына қосылмақ болған. Тәжікстан арнайы қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, күдіктілер Хушнуд Махсумов пен Жамолиддин Хасанов 34 жастағы келіншекті ИМ содырына күйеуге береміз деп уәде берген.
Олардың Тәжікстаннан қашан кеткені және Иран аумағына қалай тап болғаны белгісіз. Дереккөздің айтуынша, Захиданда оларға біреулер Ауғанстанның жалған төлқұжатын берген. Хушнуд Махсумов, Жамолиддин Хасанов және Сафаргүл Одинаеваға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Наурыз айында тәжік отбасының бес мүшесін Ираннан Тәжікстанға экстрадициялаған. Олар Ауғанстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған.
Ресми ақпаратқа қарағанда, Абдулфайз Вазиров пен оның әйелі және үш баласы ИМ тобына кірмек болған.