Ссылки доступа

Қазақстанда шамамен 600 кенші жер астында ереуілдеп жатыр

Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) кәсіпорнының шамамен 600 кеншісі жер астында ереуілдеп жатыр.

11 желтоқсанда АМТ-ның ондаған кеншісі жұмыс уақыты аяқталған соң жер бетіне көтерілуден бас тартып, жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Кейін кем дегенде төрт шахтаның жұмысшылары қатысып жатқаны белгілі болды.

Дүйсенованың сөзіне қарағанда, келіссөздер жүріп жатыр. "Сәлден соң келіссөздердің нәтижесі жарияланады", - деді Дүйсенова сейсенбі күні Астанадағы үкімет отырысынан соң.

Бұған дейін металлургиялық кәсіпорын мен жергілікті билік өкілдері кеншілермен келіссөздер жалғасып жатқанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG