Ссылки доступа

Адам құқығын қорғаушылар Түркіменстан белсендісі Галина Кучеренко тағдырына алаңдайды

Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Түркіменстан билігінен жануарлардың қорғаушысы Галина Кучеренконы тез арада босатуды талап етті. 7 желтоқсанда қамауға алынған белсенді тағдыры туралы ешқандай дерек жоқ.

"Хроника Туркменистана" басылымының хабарлауынша, 7 желтоқсанда белгісіз біреулер Кучеренконың Ашхабадтағы пәтеріне басып кірген. Олар темір есікті бұзып, анасы мен қызын алып кеткен. Кешке қарай белсендінің қызы Валерия Кучеренко босатылды. Ол полицияда отырған уақытта анасы туралы ешқандай хабар естімегенін айтты.

Валерияға түсініктеме жазуын мәжбүрлеген, одан соң оны жергілікті сотқа алып барып, сол жерде оған 50 манат (шамамен 12 евро) айыппұл салынған.

Үйіне келген Валерия пәтеріндегі заттардың астаң-кестеңі шыққанын, үй жануарлары жоғалып кеткенін көрген.

Галина Кучеренко бірнеше жылдан бері үйсіз жануарларға қамқорлық жасаумен айналысады. Ол Түркіменстан астанасындағы иттер мен мысықтарды аяусыз қыру туралы деректерді жариялап келген.

XS
SM
MD
LG