Ссылки доступа

Сенаторлар қызға қырындағаны үшін Трамптың отставкасын талап етті

Сенатор-демократ Керстин Джилибрандт дүйсенбі күні CNN телеарнасында сұхбат беріп, АҚШ президенті Дональд Трампқа қызметін өз еркімен кетуге кеңес берді.

"Мен президент әрекетінің құрбаны болған 19 әйелдің әңгімесін өз құлағыммен естідім", - деді Джилибрандт. Оның айтуынша, "Трамп өз еркімен отставкаға кетпесе, онда Конгресс тиісті тергеу жүргізіп, оны жауапқа тартуы керек".

Оның әріптесін сенатор-демократ Рон Вайден қолдады. Өткен жексенбі күні осындай талапты Трампқа тағы бір сенатор Джефф Меркли мен сенатор Кори Букер қойған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс "президент әйелдердің өз құқықтарын қорғауға талпынысын қолдайтынын", бірақ оған тағылған айыптарды жоққа шығаратынын айтты.

XS
SM
MD
LG