Ссылки доступа

Түркіменстанда азық-түлік тағы қымбаттады


Түркіменстанда Бейтараптық күні және Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік тағы қымбаттады.

Азаттықтың түркімен қызметіне тұрғындар нанның қымбаттағанын хабарлап жатыр. Олардың сөздерінше, соңғы он күнде елдің барлық аймағында нан және ұнның қымбаттағаны байқалады.

“Дашогузде ең арзан нанның бағасы 450-500 грамы үшін 1 манат (0,3 доллар) тұратын, қазір 1 манат 40 теңге. Балқан облысында да 1 манат тұрған нан қазір 1 манат 50 теңгеден сатылып жатыр. Мары облысында да дәл осындай баға", - дейді Азаттықтың Түркіменстандағы шолушысы Аманмырат Бугаев.

Мары және Лебап облысында ұн тапшылығы байқалады. “Тұрғындар арасында аздап үрей бар. Ұн тапшы. Ұнның бірінші сорты жоқ десе де болады. 50 келі жоғары сортты ұн 70 манаттан сатылып жатыр. Бірақ дүкендерде сирек", - дейді Азаттықтың дереккөзі.

Сонымен бірге қазіргі уақытта шетелден әкелінетін тауық етінің бір келісі мемлекеттік дүкендерде 8 манат (2.3 доллар) болса, жеке дүкендерде 10 манаттан сатылып жатыр.

Дереккөздің айтуынша, көкөніс, жеміс-жидек, кәмпит бағасы да өскен. Барлық азық-түлік екі есеге қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG