Ссылки доступа

Ташкент имамы шенеуніктерге дүкендер мен жер учаскелерін бөліп беруді ұсынды


Ташкенттегі «Тинчлик» («Бейбітшілік») мешітінің хатиб-имамы Шермурад Тоғай шенеуніктерге кәсіп жүргізу үшін «арнайы дүкендер мен жер учаскелерін бөліп беру керек» деген ұсыныс білдірді.

Имамның мәлімдеуінше, зайырлы және рухани шенеуніктерді материалдық байлықпен қамтамасыз еткенде, олар елдегі коррупцияның жолын жауып, мемлекет мүлкін тонауды тоқтатар. Шермурод Тоғайдың осындай кезекті мәлімдемесі Facebook парақшасында жарық көрді.

– Совет одағына дейін бізде вакф жерлер болды (вакф – қайырымдылық немесе діни мақсатта мемлекеттің арнайы бөлінген жері. Бұл жерге салық төленбейді – Ред.). Шенеуніктер үшін арнайы жер бөлінген. Әсіресе өзім жұмыс істейтін «Думбрабадеде» (сілем) арнайы жер болған. Кадиятта (шариатсоты) өздерінің вакф жері болды. Мұны судьяларға жемқорлыққа бармас үшін бөліп беретін. Бірақ адам болғасын, ешкім байлыққа тоймайды, – дейді имам.

28 қарашада Шермурад Тоғай экстремистік ұйымдардың мүшелерін өлім жазасына кесу керек деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG