Таулы Бадахшан автономиялық облысы мен Шамсиддини Шохин ауданындағы базарлар бос тұр. Фархор ауданының Кокул елді-мекеніндегі тексеру-өткізу бекеті арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды.
Хатлон облысы әкімшілігінің хабарлауынша, Ауғанстанмен шекараның үлкен бөлігі - Шамсиддини Шохин ауданынан Таулы Бадахшанға дейінгі аралық қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылған.
Ауғанның Бадахшан провинциясының губернаторы Ахмад Файсал Бекзод 13 желтоқсанда Тәжікстанмен шекараның жабылғанын растады. «Біз қазір тәжіктермен шекараны ашу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл жергілікті тұрғындар үшін өте маңызды. Әдетте біз азық-түлікті Тәжікстаннан ғана сатып аламыз», - деді ауған шенеунігі.