Кейін транзакцияны Visa компаниясы емес, Түркіменстанның сыртқы экономикалық банкінің транзакцияларды басқару орталығы тоқтатқаны белгілі болған.
Visa компаниясының ТМД және Оңтүстік-Еуропа бойынша корпоративті коммуникациялар жөніндегі директоры Анна Сердюк «Visa түркімен банктерінің компания алдында қарызы жоқ екенін растайды. Компания ережесіне сәйкес, барлық қатысушы банктер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру депозитін қолданады. Сақтандыру депозиттері банктер үшін кепіл болады. Бүгінде барлық Түркіменстан банктері сақтандыру депозиттерімен қамтамасыз етілген», - деп жауап берген.
Алайда Түркіменстан билігіндегі дереккөз түркімен банктерінің Visa алдындағы қарызы 30 миллион доллар көлемінде дейді.
«Бір жарым ай бұрын Сыртқы экономикалық банк Visa компаниясынан қарызды жабу жөнінде ескерту алды. Ол кезде 30 миллион доллар шамасында болатын. Visa сонымен бірге шектеулерді алып тастауын талап еткен», - дейді дереккөз.