Кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан CPJ-ның атқарушы директоры Роберт Махони Хайрулло Мирсаидовтің қамалуын сынады. «Еркін баспасөзі жоқ елде Мирсаидов секілді журналистер өзінің маңызды жұмысы үшін ойдан құрастырылған айыппен абақтыда отырмай, керісінше құрметтелуі тиіс», - деп есептейді Махони.
Бір күн бұрын Human Rights Watch (HRW) және Норвегиялық хельсинский комитеті Хайрулло Мирсаидовті босатуға шақырған.
5 желтоқсанда Хайрулло Мирсаидовті Соғды облысының прокуратурасына шақырған. Сол күні оны тұтқынға алды. Оған қарсы төрт бірдей қылмыстық іс қозғалған. Атап айтқанда, "қаржыны талан таражға салу, діни, нәсілдік және ұлт араздықты қоздыру" секілді баптар бойынша айып таққан.
Журналистің әкесі Хайруллоның сөздерінше, ол өзін кінәлі деп есептемейді.
Осыған дейін Хайрулло Мирсаидов өзінің жергілікті билікпен келіспеушілігін жариялаған. "Мен 8 қарашада ел президенті Эмомали Рахмонға, бас прокурор Юсуф Рахмонға және Соғды облысы төрағасы Абдурахмон Кодириге жергілікті биліктің парақорлығын айтып, ашық хат жазуға мәжбүр болғанмын", - деп мәлімдеген журналист.