Ссылки доступа

Санкт-Петербургте теракт жасады деген ағайынды Азимовтардың әкесі тұтқындалды

Мәскеуде 2017 жылдың сәуір айында Санкт-Петербург метросында теракт жасады деген күдіктілер - ағайынды Азимовтардың әкесі Ахрал Азимов тұтқындалды. Бұл жөнінде Ахрал Азимовтің кіші ұлы Билол хабарлады.

Оның сөздерінше, әкесін Мәскеу полициясы ұстаған. Себебі әлі белгісіз. Билол Азимовтің айтуынша, әкесі ұлдары Аброр мен Акрамның заңсыз қамалғанын, олардың айыптары жоқ екенін жиі айтып жүрген.

Ресейдің күш құрылымдары Ахрор Азимовтің тұтқындалғаны туралы ресми ақпарат берген жоқ.

Биыл 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан 15 адам қаза тауып, 50-і жараланды. Ешбір террористік ұйым бұл жарылысты жауапкершілігіне алмады. Тергеу ісінің болжамы бойынша, терактіні ұйымдастырған Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы, 22 жастағы Акбаржон Жалилов болған. Бірақ терактіге қатысы бар күдікті ретінде Акбар мен Аброр Азимовтар ұсталған. Олар өздеріне тағылған айыптарды теріске шығарады.

Тұтқындалған Аброр Азимов шілде айында ФСБ-ның құпия түрмесінде өзін азаптағанын мәлімдеген. Оның адвокаты Ольга Динзе Ресейдің Бас прокурорына хат жолдаған.

XS
SM
MD
LG