Ресей президентінен атап айтқанда, 2018 жылы сайлауға не үшін қатысатынын сұраған. Путин "Болашаққа ұмтылған Ресей елін құрғым келеді" деп жауап берген. Ол төртінші мезгілге өзін өзі ұсынушы ретінде түсетінін айтқан.
Сайлауда Путинге неге шынайы бәсекелес жоқ деген сұраққа ол оппозицияның жүйесіздігін айыптап, "нақты күн тәртібіне қойылған істері жоқ" деген. Ал оппозиционер Алексей Навальныйды "ресейлік Саакашвили" деп атаған.
Мұнан бөлек Путин Украина шығысында ресейлік әскер жоқ деді. Оның сөздерінше, тек Донбаста жергілікті тұрғындарды "украиндық ұлтшылдардан" қорғау үшін азғана "әскери-милициялық құрылым" жұмыс істейді.
Кремльдің 2016 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына араласуы мүмкіндігін Путин "Мұның бәрі ойдан құрастырылған!" деп жауап берді.