14 желтоқсанда Вашингтонда әскери қоймада баспасөз мәслихатын өткізген АҚШ қорғаныс министрлігінің қызметкерлері қару-жарақ көрінісін көрсетті.
"Құрама Штаттар Иран режимінің тұрақсыздандыру бет алысына баға береді. Бұл біз ядролық бағдарламаға ғана мән беріп отырмыз деген сөз емес. Біз сонымен бірге Иранның баллистикалық зымыран, қару-жарақты экспорттау және террористерге, содырларға және диктаторларға қолдау көрсету бағдарламасын мұқият зерттеп отырмыз", - деді Хейли журналистерге.
Көрсетілімде ирандық зымыран екені таңбаланған. Ол Йемен аймағынан шығып тұр. Тағы бір көрсетілімде ұшқышсыз ұшақтың Йеменде Сауд Арабия әскері тарапынан табылғаны айтылған.
БҰҰ резолюциясына сәйкес Тегеранға қару-жарақ сатуға, тасымалдауға және беруге тыйым салған.
Таяу Шығыстағы билік үшін Сауд Арабияны жау көретін Тегеран хуситтерге қару-жарақ жеткізетінін жоққа шығарады. Сауд Арабия Вашингтонның Таяу Шығыстағы серіктесі.