Бұл жолы фестиваль Қырғызстандағы адамгершілік, тәрбие және мәдениет жылына арналады.
Фестивальде үш бағдарлама бойынша фильмдер көрсетіледі: ұлттық және халықаралық, сонымен бірге анимациялық фильмдер. Байқауға ұсынылған киноленталар Бішкектегі Шыңғыс Айтматов атындағы кино үйінде көрсетіледі.
Қазылар алқасы құрамында Қырғызстан, Қазақстан және Ресейдің танымал өнер қайраткерлері мен кино түсірушілер бар.