Ссылки доступа

Қырғызстанда «Хизб-ут-Тахрир» жетекшілерінің бірі ұсталды


Қырғызстанның Шу облысында «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымына қатысы бар деген күдікпен бір азамат ұсталды.

Күдікті тергеу абақтысына қамалды. Қырғызстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек қаласында, Шу және Ыстықкөл облыстарында 11 азаматтық үйінде тінту жүргізілді.

Күш құрылымдарының мәліметі бойынша, күдіктілердің барлығы да «Хизб-ут-Тахрир» діни ұйымында астыртын жұмыс істеген. Тексеру жұмыстары барысында экстремистік мазмұндағы түрлі әдебиеттер табылды.

XS
SM
MD
LG