Ссылки доступа

Тәжік азаматына Петербургте теракт ұйымдастырды деген күдік тағылды


АҚШ Орталық барлау басқармасының ресейлік арнайы қызметке берген ақпараты Санкт-Петербургтегі Қазан соборында ұйымдастырылған терактінің алдын алу көмектесті. Бұл туралы 17 желтоқсанда Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Ұсталғандардың арасында Тәжікстан азаматы да бар.

Сот үш күдіктіге қару ұстағаны үшін қамауға алуға үкім шығарды. Олар Қазан соборында дайыдалған теракт туралы іс бойынша тергеледі.

Дағыстан тұрғыны Шамиль Омаргаджиев, Ингушетия тұрғыны Алисхан Эсмурзиев, сондай-ақ Тәжікстан азаматы Фируз Калавуров 2018 жылдың 14 қаңтарына дейін қамауда болады.

Бұның алдында Санкт-Петербургте Ресей азаматтары Евгений Ефимов пен Антон Кобец ұсталған, оларға Қазан соборын жармақшы болды деген күдік тағылған.

XS
SM
MD
LG