Ссылки доступа

Түркіменстан халқының 5,5 пайызы асқа жарымайды

Түркіменстан билігі ішкі нарықта азық-түлік барынша жеткілікті деп есеп беріп жатқанда, тұрғындар шын мәнінде тағам тапшылығын және қымбатшылықты көріп жатыр.

Түркіменстандағы ресми БАҚ-тың хабарлауынша, ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов үкіметке азық-түліктің қамтамасыз етуін тұрақты бақылауды тапсырған.

Қазіргі уақытта Түркіменстанда тағам тапшылығы, атап айтқанда ұн, жұмыртқа және күнбағыс майы жетіспеушілігі жалғасып жатыр. Желтоқсан айының басынан бері бірқатар аймақта ұн тапшы. Нан бағасы 50 пайызға қымбаттаған.

БҰҰ-ның желтоқсан айында жариялаған есебі бойынша, Түркіменстанда халықтың 5,5 пайызы асқа жарымайды.

XS
SM
MD
LG