№6 орта мектеп мұғалімінің айтуынша, 9 сынып оқушысының екіқабат екені, қыздың сабақтан қалуы жиілеп кеткеннен кейін белгілі болған.
– 25 қарашада ол сабаққа келмеді. Біз оның әжесіне қоңырау шалдық. Әжесі өзінің инсульт алғанын, немересі ауруханада қарап жатқанын айтты. 27 қарашада біз үйіне баруды жөн көрдік. Бұл жолы әжесі немерем қатты ауырып, төсек тартып жатыр деді. Бірақ дәрігердің тексеруінен кейін, қыздың аяғы ауыр екені белгілі болды, – дейді мұғалімнің бірі.
Мектеп мұғалімдері болған жағдайды жауапкершілігіне алмайтынын, себебі қыз жазғы демалыс кезінде жүкті болғанын айтады.
Бұл оқиғадан кейін Әндіжанда оқушы қыздарды жаппай дәрігерлік тексеруден өткізіп жатыр дейді қала тұрғындары.
Жергілікті билік өкілдері 15 жастағы қыздың кімнен аяғы ауыр болғанын анықтауға тырысып жатыр. Құқық қорғау органдарындағы қызметкердің бірі оқушы қыз дұрыс ақпарат бермей жатқанын, бұл тергеу ісіне кедергі келтіріп жатқанын айтады. Қыздың әкесі қайтыс болған екен. Анасы Ресейде жұмыс істейді. Оқушы қыз бауырларымен бірге әжесінің қолында тұрады екен.