Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстанға ДСҰ-ға кіруге көмектеседі


Вашингтон Ташкентке Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болуына көмектеседі. АҚШ пен Өзбекстан осындай келісімге қол жеткізді деп жазады өзбекстандық БАҚ.

Екіжақты келісімге Өзбекстанның сыртқы сауда министрлігі мен АҚШ-тың сауда палатасы қол қойған.

ДСҰ-ға мүше болу жолында АҚШ Өзбекстанға тұрақты кеңес беріп отырады. Сонымен бірге келіссөз барысында Өзбекстанның АҚШ-тағы жалпы тарифтік артықшылықтар жүйесіне қатысу мәселесі де көтерілген.

Осыған дейін Regnum ақпарат агенттігі өзбек лидері Шавкат Мирзияевтің Оңтүстік Кореяға сапары барысында ДСҰ-ға кіруге қадам жасайтын "жол картасы" мен меморандумға қол қойғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG