Ссылки доступа

Тәжікстан Қырғызстан көліктеріне экологиялық төлем енгізді


Қырғызстандық жүргізушілер 18 желтоқсанда Баткен облысы басшылығына шағымданып, тәжіктер Баткен-Исфара автожолында экологиялық төлем алғанын хабарлаған.

Жүргізуші Таштан Эгембердиевтің айтуынша, 15 желтоқсаннан бастап әрбір автокөлік 500-ден 2500 сомға дейін төлейді.

«Біз күніне үш рейс жасаймыз. Сонда алты мың сом шығып кетеді. Біз жұмысты тоқтаттық, рейс жоқ", - деді ол.

Жүргізушілерді Баткен облысындағы үкімет өкілінің бірінші орынбасары Әлішер Әбдірахманов қабылдап, тәжіктер енгізген жаңа ережені түсіндірді.

Ол Тәжікстанның Соғды облысы басшылығымен келіссөз жүргізуге уәде берді.

XS
SM
MD
LG