Ссылки доступа

Стокгольмдегі теракт бойынша тергеу аяқталды, Өзбекстан тумасына күдік келтірілді

Швеция полициясы Стокгольмде биыл сәуір айында болған теракт бойынша тергеуді аяқтады, істе Өзбекстан тумасы Рахмат Акиловқа күдік келтірілген. Бұл туралы дүйсенбі күні TV 4 телеарнасы прокурор Ханс Ирманға сілтеме жасап хабарлады.

«Алдын ала тергеу аяқталды, материалдар адвокатқа тапсырылды», – деді прокурор Ирман. Оның айтуынша, сот келесі жылы ақпанда басталуы мүмкін.

Еске салайық, 7 сәуірде жүк көлігі Стокгольм көшесіндегі жолаушыларды басып өткен. Бес адам қаза тауып, 15 адам жараланды. Тергеу кезінде Акилов кінәсін мойындап, "көздегеніне жеткенін" айтқан.

Ол "Ислам мемлекеті" жақтастарына хат жазып үлгерген. Онда ол өзі жасаған шабуылдан аз адам өлгеніне қынжылыс білдірген.

Швед полициясының мәліметі бойынша, 39 жастағы Самарқан тұрғыны Рахмат Акилов 2014 жылы келген, жергілікті билік оған саяси баспана беруден бас тартқан.

Кейін өзбек билігі Рахмат Акиловтың қауіпті екенін батыс елдеріне ескерткен.

XS
SM
MD
LG