Ссылки доступа

Тәжікстанда құрылыс материалдарын төлқұжатсыз адамдарға сатуға тыйым салынды

Душанбедегі "Варзоб" құрылыс базарында сатушы боп істейтін Нарзулло Холиковтың айтуынша, төлқұжатсыз сатуға болмайтын бірнеше материал бар.

«Шеге, темір бұйымдары немесе кальций карбиді керек болса, біз одан төлқұжат көрсетуін сұраймыз. Сатушы туралы мәліметтерді, оның ұялы телефонын арнайы дәптерге жазып аламыз», - деді Нарзулло Холиков.

Дәптерге жергілікті ішкі ісдер бөлімінің мөрі басылған, аудандық милиция оны үнемі тексеріп отырады. "Бізге қатты ескертіп айтты. Кейде адамдарды аясың. Алыстағы қышлақтан шеге алу үшін келеді. Бірақ оның төлқұжаты жоқ", - деді саудагер.

Бірақ кейбір сатып алушылар төлқұжат көрсетуден бас тартады. Сатушыларға да қиын, олар шығынға батып жатыр.

Тәжікстан ІІМ кейбір құрылыс материалдарын төлқұжатсыз сатуға тыйымды террористік шабуылдың алдын алу үшін енгізілді деп түсіндірді. "Терроршылар жарылғышты дайындау барысында шеге мен болт пайдаланады. Оны базардан сатып алады", - деді ІІМ қызметкерінің бірі.

Тәжікстан ІІМ мәліметі бойынша, өткен жылы елде 36 террористік шабуылға тосқауыл қойылған.

XS
SM
MD
LG