Ссылки доступа

Украина арнайы қызметі биліктен "ресейлік агентті" ұстаған (видео)

Украина қауіпсіздік қызметі (УКҚ) ел үкіметінде жұмыс істеп, Ресейдің мүддесі үшін тыңшылықпен айналысқан қызметкерді ұстағанын мәлімдеді.

Арнайы қызмет ұсталған шенеуніктің аты-жөнін атамай отыр. Бірақ оның жұмыс сапары кезінде ресейлік агентке тартылғанын және Украина үкіметінің құрылымы жөнінде "инсайдерлік ақпарат" жинаумен айналысқаны айтылады.

"Ол [ұсталған адам – ред. ] өте жауапты, Ресей арнайы қызметіне тиянақты түрде ақпарат беріп отырған", – деп мәлімдеді УКҚ барлау департаментінің басшысы Алексей Петров.

XS
SM
MD
LG