Ссылки доступа

Азаптауға қарсы коалиция тәжік билігін журналисті қорғауға шақырды


Тәжікстандағы Азаптауға қарсы азаматтық қоғам коалициясы қамауда отырған тәуелсіз журналист әрі Көңілді тапқыштар клубы (КВН) жетекшісі Хайрулло Мирсаидовтың жағдайына алаңдайтынын айтып, президент атына ашық хат жазды.

Коалиция Тәжікстан билігін Хайрулло Мирсаидов ісін әділ қарауын талап етіп, білікті адвокат жіберуін сұрайды. Құқық қорғаушылар сонымен бірге биліктен ұлттық және халықаралық талаптарды сақтап, журналистерді қуғындауды тоқтатуын талап етеді.

5 желтоқсанда Хайрулло Мирсаидов Соғды облысының прокуратурасына шақырту алып, сол жерде қамауға алынған. 8 желтоқсанда оған қарсы "қаржы жымқыру", ұлтараздықты қоздыру", "алаяқтық жасау" және "жалған куәлік беру" секілді төрт бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Таяуда ғана Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists) тәжік билігін Хайрулло Мирсаидовті тез арада босатуды талап етті.

Журналистің өзі бұл істің бәрі жергілікті биліпен келіспеушіліктен кейін туындап отырғанын жазған.

XS
SM
MD
LG