Осыған дейін Өзбекстанда мектеп мұғалімдері, медициналық мекеме қызметкерлері және балабақша тәрбиешілеріне темір-терсек өткізу міндеттелген. Өткізбеген жағдайда, ақшалай айыппұл салынып келген.
Биыл желтоқсан айының басында Әндіжан қаласы әкімі Дилмурод Рахматуллаев кезекті жиналыста қысқа мерзімде 600 тонна темір жинауды тапсырған. Дәл осындай нұсқауды Ферғана, Үргенші және Нүкіс басшылары да берген.