Өзбекстандағы Бұхара облысының 28 жастағы тұрғыны Рахмиддин Камоловке Мәскеу округтық соты 17 желтоқсанда үкім шығарды. Ресейде ұсталғанға дейін ол Мәскеудегі «Помощь – Ёрдам» ұйымында жұмыс істеген.
Камоловтың адвокаты Тимофей Широковтың айтуынша, тергеу нұсқасы бойынша, Камолов 2015 жылы «Хизб ут-Тахрир» қозғалысына кіргісі келетіндердің кездесуін ұйымдастырған делінеді. Адвокаттың пкірінше, сот Рахмиддиннің қозғалысқа қатысы барын дәлелдей алмады.
Қылмыстық іске қатысты Орталық Азия елдерінің тағы бірнеше азаматы мен бір ресейлік тартылған.
Орталық Азия республикалары мен Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» ұйымы өзінің қызметі бейбіт сипатта дегенді айтып отыр. Халықаралық саяси ұйымның мақсаты - мұсылман елдерін шариғат заңдарына бағынатын халифатқа біріктіру.