Ссылки доступа

Freedom House: Жоғарғы сот қырғыз билігіне сынаушылардың үнін өшіруге мүмкіндік беріп отыр


Freedom House құқық қорғау ұйымы Жоғарғы соттың Zanoza.kg басылымына қатысты экс-президент Алмазбек Атамбаев туралы мақала үшін 27 млн сом айыппұл салу шешімін "саяси астары бар әрі әділетсіз" деп бағалады.

«Президент жариялы саясаткер әрі журналистік зерттеудің нысаны. Төменгі инстанциялардағы сот шешімдерін күшінде қалдыру арқылы Жоғарғы сот үкіметке заңды теріс пайдаланып, сын айтушылардың үнін өшіруге мүмкіндік беріп отыр. Сонымен бірге билік атына сын айтып келген бизнесменге, президенттікке экс-кандидат Омурбек Бабановқа тиесілі елдегі ірі телеарна НТС-тің бар мүлкін тәркілеп жатыр», - деді Freedom House Еуразиялық бағдарлама директоры Марк Берендт (Marc Behrendt).

Оның сөздерінше, Жоғарғы соттың шешімі басылымдарды жаппай жабуға әкеліп, "журналистердің өмірін бұзуы мүмкін".

2017 жылдың көктемінде бас прокурор Индира Жолдубаева Zanoza.kg сайтының басылымына қарсы Алмазбек Атамбаевтың пайдасына 27 млн сом (385 мың доллар) моральдық өтемақы талап еткен.

20 желтоқсаннан бері азаматтық белсенділер журналистерге айыппұл төлеу үшін ақша жинауды бастап кетті.

XS
SM
MD
LG