"Кеселге ұрынған мал бір аптаға жетпей үзіліп жатыр. Әуелі терінің астында үлкен ісік пайда болады. Мал азық жемейді, тұра алмай өледі", - деді жергілікті тұрғындар.
Мал дәрігерлері бұның қандай инфекция екенін анықтай алмай отыр. Оларда мұндай ауруға қарсы вакцина жоқ.
Өткен жылдың соңында Түркіменстан аймақтарында мал қырылған. Жергілікті дәрігерлер оны сібір жарасы деп болжаған. Бірақ Түркіменстан билігі оны растамады, жоққа да шығармады.