Елдегі екі банкті дағдарыстан шығаруға талпынған үкімет көмегінен соң салымшылардың жарымы қаражаттарын алған. Дегенмен бұл жеткіліксіз, үкімет тез арада «Агроинвестбанк» пен «Тоджиксодиротбанктегі» жағдайды жақсарту үшін жоспар жасауы керек, деді Эмомали Рахмон.
Президенттің айтуынша, елде депозиттер көлемі өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға азайған.
Соңғы бірнеше жылда Ресейдегі экономикалық дағдарыс басталып, еңбек мигранттары ақша аударуын азайтты. Содан бері екі банк банкрот деп жарияланды.