Ссылки доступа

Түркіменстанда диқаншылар бас көтере бастады


Түркіменстан билігі биыл жиналған мақтаның көлеміне разы емес, ал фермерлер болса, жинаған егін үшін әлі ақша алған жоқпыз дейді.

Дашогуз қаласының бір топ фермерлері мемлекетке өткізген астығы үшін әлі ақша алған жоқпыз дейді. Кейбір диқаншылар есепшоттағы қаражатты қолма-қол ашқаға айналдыра алмай жүр.

Қараша айының аяғында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов терілген мақта көлеміне разы болмай, бірқатар шенеуніктерге ескерту айтып, енді бірін жұмыстан шығарған.

Фермерлер болса, бәріне билікті кінәлайды.

“Мақтаны ерте егуді талап етіп, дұрыс өңделмеген жерге тұқым себуге мәжбүрледі. Барлық облыстарда тұқым көктемей, өліп қалды. Сосын тағы отырғызуды талап етті. Мамыр айының соңында облыстық шенеуніктердің өздері егістікті қадағалады. Аяғында егін егу науқаны жаз соңында бір-ақ аяқталды", - дейді Азаттықтың түркімен қызметіне сұхбат берген фермердің бірі.

Диқаншылардың сөздерінше, тыңайтқышты да көктемнің басында емес, тамыздың аяғында берген.

XS
SM
MD
LG