Ссылки доступа

Өзбекстанда қаржы министрлігі 50 қызметкерін жұмыстан босатты


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың сынынан кейін, қаржы министрлігінде "жаппай жұмыстан босату" жүріп жатыр. 22 желтоқсанда Мирзияев парламенттің қос палатасында бірінші рет халқына жолдау арнаған.

Төрт сағатқа созылған жолдауында мемлекет басшысы қаржы министрлігін сынға алып, мекеме басшысы Жамшид Кочкаровқа бір айдың ішінде министрлікке реформа жүргізуді тапсырған.

Артынша, бір күн өткеннен кейін қаржы министрлігінде 50 қызметкер жұмыстан босатылған. Олардың ішінде басқарма басшылары, департамент директорлары да бар.

Мирзияев сөзінде "бір ай ішінде өзгерістер жасай алмасаң, өзіңді де жұмыстан босатамын" деп министр Кочкаровқа ескерту жасаған.

XS
SM
MD
LG