Ссылки доступа

Әлишер Усманов Энрике Иглесиастың Ташкенттегі концертін қаржыландырады


28 желтоқсанда Ташкенттегі «Истиклол» сарайында бірінші рет танымал испан әншісі Энрике Иглесиас өнер көрсетпекші. Art Uz Promotion Agency компаниясының хабарлауынша, әлем жұлдызының концерті олигарх Әлишер Усмановтың қолдауымен өтеді.

Испан әншісінің концертіне билеттер Өзбекстанның мәдениет министрлі, жастар одағы және өзге де қоғамдық ұйымдар арқылы тегін таратылады.

Сонымен бірге жоғары оқу орындарының үздік студенттеріне де билеттер тегін беріледі.

Энрике Иглесиас – Әлишер Усмановтың шақыртуымен Өзбекстанда өнер көрсетіп жатқан үшінші батыс әншісі. Биыл желтоқсан айында британдық әнші Робби Уильямс пен испандық тенор Хосе Каррерас концерт берді.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, батыс әншілерінің өзбек астанасында үлкен сахнаға шығуы Әлишер Усмановтың өзбек халқына жасап жатқан сыйы.

XS
SM
MD
LG