Ссылки доступа

Түркіменстанның солтүстігіндегі тұрғындар газсыз қалуы мүмкін


Түркіменстанда Дашоғыз облысы Болдумсаз ауданының газ шаруашылығы 2018 жылы газбен қамтамасыз ету үшін жаңа квитанция алуын тұрғындардан талап етті. Жаңа квитанциялар кітапшасының құны - 160 манат (45 доллардан асады).

Тұрғындар жыл соңында бұндай өзгерісті күтпегенін айтып отыр. Дашоғыз елдің ең кедей аймағы саналады. Мұнда жұмыссыздық басым.

Азатлық тілшісіне жергілікті тұрғындардың бірінің хабарлауынша, жаңа кітапшаны барлығы алуы тиіс. "Мұндай кітапшасы жоқ отбасыларға жаңа жылдан бастап газ берілмейтінін ескерткен", - деді ол.

Газ, электр қуаты және суға жеңілдіктер алып таслаған соң, аймақ тұрғындары қиыншылық көре бастаған. Көпшілігі үнеммен пайдаланып, коммуналдық қызметке шығынды қысқартуға мәжбүр.

Түркіменстан басшылығы осы уақытқа дейін тегін беріліп келген газ, электр қуаты және суға жеңілдікті алып тастады.

XS
SM
MD
LG