Ссылки доступа

Тәжікстан дағдарған екі банкті құтқаруға талпынып жатыр


Тәжікстан үкіметі коммерциялық банктердегі қаржы жағдайын жақсарту үшін жаңа жұмыс тобын құрады. Оны экономика және қаржы жөніндегі парламенттік комитет басшысы Шариф Рахимзода басқарады.

Бұған дейін коммерциялық банктерді дағдарыстан шығаруға Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі талпынған еді. Дегенмен бюджеттен бөлінген 3 млрд сомони (340 млн доллар) жағдайды жақсарта алмады.

Осыған қатысты жағдайды жақсы білетін дереккөздің 25 желтоқсанда хабарлауынша, жұмыс тобы «Агроинвестбанк» пен «Тоджиксодиротбанкті» дағдарыстан алып шығуға күш салады.

"Бюджеттегі қаражат шектеулі, сол себепті бұл мәселені шешуге қосымша қаражат бөлінбейді. Екі банк салықтан босатылуы мүмкін. Екеуінің де негізгі акционері - мемлекет", - деді дереккөз.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жыл сайынғы жолдауында банк жүйесі елдің экономикалық дамуын тежеп отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG