Диллон аталған елдерде жихадшылар саны кемінде үш мың болған дейді. АҚШ өкілінің сөзінше, қазір коалиция Ирак армиясымен бірге олардың ирак-сирия шекарасынан өтіп кетпеуін қадағалап жатыр.
12 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сирия мен Иракта "Ислам мемлекетін" жеңгенін мәлімдеген. 6 желтоқсанда Сирияны жихадшылардан тазартқанын Ресей бас штабы жетекшісі Валерий Герасимов хабарлаған.
АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция Сирияда радикалды исламшыларға қарсы 2014 жылдан бері күресіп келеді. Ресей әскері бұл кампанияны 2015 жылы бастады. АҚШ жетекшілік ететін коалиция Мәскеуді Сирия президенті Башар Асад режиміне қолдау көрсетіп отыр деп айыптады.