Бұл туралы Қырғызстанның жолдар және көлік министрлігінің баспасөз хатшысы Кылычбек Досумбетов хабарлады.
Оның сөзіне қарағанда, үш елді жалғастыратын темір жолдың бағыты 2018 жылы сәуірде анықталады. Бұған қоса Ташкентте кездескен үш елдің делегациясы 2018 жылдың тамызында жобаның техникалық-экономикалық негізін, жыл соңында қаражат мәселесін шешуге келіскен.
Қытайдан Өзбекстанға дейінгі темір жол құрылысы туралы бастаманы Қырғызстан 2000-жылдардың басында көтерген. Бірақ жоба әлі іске асқан жоқ. 2012 жылғы есеп бойынша жол құны шамамен 6-6,5 миллиард доллар тұрады.