Бұған дейін ТАСС және "Интерфакс" агенттіктерінің полициядағы дереккөздері екі адам қаза тапты деп хабарлаған еді. Оқиға куәгерлері суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған.
Мәскеуде осы аптада осымен екінші мәрте автобус аялдамаға соғысқан.
25 желтоқсанда жолаушы автобусы метро маңындағы өткелдегі адамдарды қағып кеткен еді. Ресми мәлімет бойынша, бұл оқиғадан төрт адам қаза тауып, 11 адам жараланған.