Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бұл қаражат үкіметтің қазына есебіне білім секторын қолдау үшін аударылады.
Хабарларға қарағанда, бұл бағдарламаның мақсаты - жалпы және кәсіби-техникалық білімді реформалау, білім сапасы мен педагогикалық стандарттарды жақсарту.
Грант туралы келісім Жогорку Кенеште талқыланған уақытта бұл қаражат оқулық алуға, мектептерге Интернет орнатуға да жұмсалуы керектігі айтылған.