Ссылки доступа

Тәжікстанда есірткі саудасын түрмеден бақылап келген тұтқындар анықталды


Тәжікстан арнайы қызметі Душанбе түрмелерінің бірінен тәжік-ауған шекарасы арқылы есірткі транзитін бақылап отыратын бір топ тұтқынды анықтаған. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Түрмеде жазасын өтеп жатқан екі тәжік азаматы мен бір ауған азаматы шекарада тәжік күзетшілерімен атысқан Ауғанстан контрабандасымен байланыста болған.

Былтыр 2 желтоқсанда Шамсиддин Шохин ауданындағы таулы елдімекенде қарулы қақтығыс орын алған. Онда 12 қарулы адам шекарадан заңсыз өтпек болған. Нәтижесінде төрт тәжік сарбазы жараланып, полковник Хайриддин Ахтамов қаза тапты.

Тергеу ісіне жақын дереккөздің хабарлауынша, түрмеде отырған бір топ тұтқын ұялы телефон арқылы есірткі саудасын бақылап отырған. Ауған контрабандасы тәжікстандық есірткі саудасымен айналысатындарға 33 келі есірткі бермек болған.

«Тұтқынның үшеуі де бұрын есірткі саудасы үшін жазаларын өтеп жатқан. Енді оларға қатысты жаңадан іс қозғалды»,- деді дереккөз.

Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджони Эмомали "жүкті" алу керек болған тәжік азаматы іздестіріліп жатыр деді. Оның айтуынша, есірткі саудасымен айналысатындарды табу оңайға соқпайды. Себебі олар өзге адамның атына тіркелген сим-карта пайдаланады.

XS
SM
MD
LG