Ссылки доступа

Теміртауда металлургия комбинатында жұмысшы өлімі тексеріліп жатыр


Жұмысшының денесі «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) металлургия комбинатының цехынан табылған деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Бұл ақпаратты Теміртау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы нақтылаған.

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, домна цехының қызметкері 1982 жылы туған азамат 3 қаңтарда таңертең кәсіпорын аумағында өлі күйінде табылған.

Компания оқиғаның мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлайды.

22 желтоқсанда Қарағанды облысындағы АМТ-ның Түсіп Күзембаев атындағы шахтасында 35 жастағы ер азамат тау жынысының құлауынан зардап шеккен болатын.

XS
SM
MD
LG