Ссылки доступа

Қырғызстанда заңсыз миграция ұйымдастырғандарға жаза күшейтіледі


Қырғызстан үкіметі заңсыз миграция ұйымдастырушыларға жазаны күшейту үшін Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізеді. Ішкі істер министрлігі мұндай қылмыс жасағандарды үш жылға бас бостандығынан айыруды ұсынды. Заң жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Қазіргі заңнамаларда Қырғызстанда заңсыз миграция ұйымдастырушылар 30 мыңнан 60 мың сом (450-800 доллар) аралығында айыппұл төлеп құтылады.

Мемлекеттік көші-қон қызметі төрағасының орынбасары Алмаз Асанбаевтың айтуынша, заң Қырғызстандағы иммиграция ғана емес, қырғыздарды шетелге заңсыз жіберушілерге де қатысты болады.

Ішкі істер министрлігі бес жылда көші-қонды заңсыз ұйымдастырудың 233 жағдайын анықтаған. Үкімет мұндай қылмыс ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп есептейді. Заңсыз миграцияға жазаның жұмсақ болуынан, елге шетелден деструктивті күштер көптеп еніп жатыр, делінген ішкі істер министрлігінің түсініктеме хатында.

XS
SM
MD
LG