Ссылки доступа

Сандерс: АҚШ КХДР басшысының психикасы дұрыс екеніне күмән келтіреді


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс АҚШ президенті Дональд Трамптың КХДР басшысы Ким Чен Ын мен оның ядролық басқару тетігі туралы айтқандарын жақтап сөйледі. Сандерстің сөзіне қарағанда, Ақ үй Солтүстік Корея басшысының психикасы дұрыс екеніне күмән келтіреді.

Сандерс АҚШ президенті әкімшілігінің мұндай тұжырымды неге сүйеніп жасағаны туралы сауалдарға жауап берген жоқ. Баспасөз хатшысы президент Трамптың өз уәдесінде тұрып, америка халқын қорғап отырғанын айтып өтті.

Бұның алдында АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысының жаңажылдық мәлімдемесіне жауап беріп, Ким Чен Ын ядролық тетікті жұмыс үстелінде сақтайды деген. Трамп өзінің де "ядролық басқару тетігі бар екенін, бірақ үлкен әрі қуаттырақ екенін" жазып, Ким Чен Ынға сәлем жолдаған.

XS
SM
MD
LG