Қызметкерлер еңбек келісімінде қарастырылмаған жұмысты жасауға міндеттейтініне шағымданды.
"Жақында мен екі әріптесіммен бірге жалғайдағы қышлақтардың бірінде 20 тонна тезек барын санадық. Біз мұндай жұмысты кімнің ойлап шығарғанын түсіне алар емеспіз", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, СЭС қызметкерлері шалғайдағы қышлақтарға өз есебімен баруға мәжбүр.
"Онда автобус жүрмейді. Таксимен баруға тура келді. Біздің Орталықта шамамен 70 адам жұмыс істейді. Барлық жұмысты тастап, тезек санап жүрміз. Мұндай жағдай өткен жылы да болған", - деді қызметкерлердің бірі.
Өткен жылы ақпанда Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары болып істеген Мусурмон Эшкобилов бұл ақпаратты растаған еді.
"Тезек есептеу және жинау - республикалық, үкіметтік маңызы бар мәселе. Сол арқылы біз шаруаларға тезек қорын құруға көмектесеміз", - деген шенеунік.