Ссылки доступа

Лос-Анджелесте "Алтын глобус" иегерлері анықталды


Лос-Анджелес қаласында кино және телевизия әлеміндегі ең мәртебелі сыйлықтардың бірі - 75-мәрте "Алтын глобуспен" марапаттау салтанаты өтті .

Мартин Макдонахтың "Миссуридегі Эббинг шекарасындағы үш билдорд" туындысы үздік драма атанды. Бұл фильм үздік сценарий, үздік әйел рөлі (актриса Фрэнсис Макдорманд) және екінші санаттағы үздік актер номинациялары бойынша "Алтын глобус" жеңіп алды. Туындыда жалғызбасты әйел қызының өлімін полиция тергеуі үшін бар күшін жұмсайды.

Гэри Олдмен "Дүрбелең заман" фильмінде Уинстон Черчиль рөлін сомдағаны үшін үздік драма актері атанды. "Үздік режиссер" номинациясын Гильермо дель Торо "Су формасы" фильмімен жеңіп алды.

"Үздік драма сериалы" номинациясында "Күтуші қыздың әңгімесіне" "Алтын глобус" берілді. Бұл сериал "Тақтар таласы" сериалын" да артта қалдырды. Ондағы басты рөлді сомдаған Элизабет Мосс драма сериалының үздік актрисасы атанды.

"Шетел тіліндегі үздік фильм" номинациясында Германия мен Франция бірелсіп түсірген "Шегіне жету" туындысы жеңіске жетті.


Америкалық актрисалар "Алтын глобус" салтанатына қара түсті киім киіп келетінін мәлімдеген. Олар осылайша кино өндірісіндегі сексуалдық зорлыққа қарсылықтарын білдіргісі келді.

XS
SM
MD
LG